Елімізде спутниктік интернет қызметін іске қосу бойынша SpaceX-пен толық келісімге келді. Қызметтер осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап қолжетімді болады.
Бір жыл бойы Қазақстанның заңдарына, қауіпсіздік пен байланыс талаптарына сай болу үшін келіссөздер жүргізілді. Қазір Starlink Kazakhstan компаниясы ресми түрде тіркелді.
Бұрынғы министр Бағдат Батырбекұлы Мусин бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып көтеріп, өз қызметі кезінде Starlink-ті пилоттық режимде ауылдағы 2 мыңға жуық мектепке енгізуге бастамашы болды. Жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Егер SpaceX-пен келісімге келмегенде, осы мектептердің интернетсіз қалу қаупі бар еді. Сондықтан бұл – өте маңызды қадам.
Келіссөздерге қатысқан ЦДИАӨМ, ҰҚК және Қазақтелеком командаларының ортақ жеңістері.