«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығының талаптарына сәйкес Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 38А орналасқан «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 3 қабат, каб 307,
8 (7222) 52 26 44.
Конкурстың өтетін күні: 2025 жылдың 20 мамыры.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары: АИТВ-жұқпасы, жұқтырылған иммунтапшылғы синдромы және ЖИТС-индикатор ауруы бар науқастарға мамандырылған жоғары білікті емдеу-диагностикалық, консультативтік, алдын-алу көмек көрсету, оларға және олармен қатынаста болған адамдарға диагностикалық бақылау ұйымдастыру болып табылады.
Директордың негізгі лауазымдық міндеттері: сенімхатсыз кәсіпорын атынан әрекет етеді және оның мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде барлық органдарда білдіреді, кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады, бұйрықтар шығарады және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен сәйкес кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне нұсқаулар береді кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек шартын жұмысқа қабылдайды және бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі мен мүлкінің сақталуына, кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне дербес жауапты болады, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бөлімінің 2-тарауының 1-параграфына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26-бабына сәйкес:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде келесі құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті электрондық нысанда мерзімдерде ұсынады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылдың 5 мамырынан бастап.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2025 жылдың 17 мамырына дейін.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттарды қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткерлер үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында https://talapker.e-qazyna.kz/ru/start конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.