Абай облысы ДСБ «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес Абай облысы ДСБ «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны: Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 38, (3 қабат).
Тел 8-7222-35-44-02, е. mail: nurgul1412@mail.ru
Конкурстың өтетін күні: 26 ақпан 2025 жыл.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік лицензия негізінде және ақылы негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру, кәсіпорын бейіні бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, халыққа паллиативтік көмек көрсету.
Директордың негізгі лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық етеді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
сенімхатсыз кәсіпорын атынан әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, соттарда кәсіпорынның мүдделерін білдіреді, кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады, бұйрықтар шығарады және кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне нұсқаулар береді, ҚР ЕК сәйкес Кәсіпорынның мүлкін қабылдайды кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады, қаржылық жағынан дербес жауап береді-кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен мүлкінің сақталуы, кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (3-қосымша) бөлімінің 2-тарауының 1-параграфына және ҚР Еңбек кодексінің 26-бабына сәйкес:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген.
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 11 ақпаннан бастап.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2025 жылғы 25 ақпанға дейін (қоса алғанда).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.