
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасында ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және халықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейтуге бағытталған Call-орталық ашылды.
Call-орталық медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін орталықтандырылған түрде қабылдайды, консультациялар мен түсіндірмелер береді, сондай-ақ өтініштерді бейінді бөлімшелерге жолдап, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Орталықтың іске қосылуы өтініштерге жедел әрекет ету деңгейін арттыруға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Call-орталықтың жұмыс кестесі:
Дс-Жм: 9:00 – 18:20
Сб-Жс: Демалыс
Ұялы телефон
+7 (701) 006 5195
Стационарлық телефон
+7 (7222) 550910