Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қоғам тарапынан сын пікірлердің алдын алуға, сондай-ақ қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған іс-шара туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қоғам тарапынан сын пікірлердің алдын алуға, сондай-ақ қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған іс-шара туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Н. Сапарғалиев Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұжымдарымен кездесу өткізіп, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді, сондай-ақ адалдық қағидаттарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын ұстануы қоғам тарапынан туындайтын сыни көзқарастардың алдын алудың негізгі тетігі екенін атап өтті. Осы орайда, қызметтік тәртіпті сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен жауапкершілік таныту мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыратынын жеткізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары, ойын мекемелеріне барудан бас тарту талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс салдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қоғам тарапынан сын пікірлердің алдын алуға, сондай-ақ қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды.