Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс
«Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ байқау кеңесінің мүшелігіне конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Абай облысы, индексі 071411, Семей қаласы, Стаханов көшесі, 17, телефон +7/7222/315297.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2025 жыл, Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 А, 3-қабат, 307-кабинет, «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика /қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес бейіні бойынша және (немесе) басшы лауазымдағы құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Келесі тұлғалар байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлануға болмайды:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған ;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастарындағы адамдар.
Конкурска қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Конкурска қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталу күні мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурска қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде қатысуға ниет білдірген тұлға /ары қарай – үміткер/ комиссияңа келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанд жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда);
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын конвертке жапсырады, оны «түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер.
1) шақыруда немесе мерзімді басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиәстә саланың уәкілеті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануға;
2) «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы», және «2025 жылғы 20 желтоқсан дейін ашпау» деген сөздерді қамтуға (шақыруда көрсетілген конверттерді немесе мерзімді баспасөздегі ақпаратты ашу күні мен уақыты).
Үміткердің конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сөйлескестігін бағалау нәтижелері бойынша әңгімелесу өткізіледі.