Өзіңізді қорғаңыз — қауіпсіз бағытты таңдаңыз.

Өзіңізді қорғаңыз — қауіпсіз бағытты таңдаңыз.

Құрметті Абай облысының тұрғындары!
Бүгінде Қазақстанның ұлттық және облыстық жетекші клиникаларында жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) кеңінен көрсетіледі. Оның ішінде жүрек пен қан тамырларына жасалатын операциялар, ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу, нейрохирургиялық және онкологиялық операциялар бар. Бұл қызметтердің барлығы заманауи деңгейде көрсетіліп, халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылады.
Егер елімізде қажетті ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелге емделуге жолдама беру тәртібі заңмен реттелген. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығымен бекітілген. Бұйрыққа сәйкес арнайы комиссия шешімімен науқастар шетелге жіберіледі, ал емдеу мен жол шығындарын бюджет есебінен өтеу қарастырылған.

Шетелде ем алу — маңызды шешім. Аккредитациясы бар сенімді клиникаларды таңдаңыз, асқынулар мен медэвакуацияны қамтитын медициналық сақтандыруды рәсімдеңіз, емді және кейінгі бақылауды Қазақстандағы дәрігерлеріңізбен алдын ала келісіңіз.
Клиниканың және сақтандырудың байланыстарын сақтаңыз.

Өзіңізді қорғаңыз — қауіпсіз бағытты таңдаңыз.