«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №74 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыруда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу шеңберінде келесіні хабарлайды.
Сақтандырудың қолданыстағы моделіне сәйкес пациенттерді қолдау қызметі шағымды жұмыс күн қарайды (20) және пациенттің өмірі мен денсаулығына ықтимал зиян белгілері болған кезде медициналық ұйым деңгейінде тәуелсіз сараптама комиссиясы (бұдан әрі – ТСК) құрылады.
ТСК нақты шағымды қарау үшін құрылатын біржолғы комиссия. ТСК құрамына тізілімде тұрған кемінде 3 бейінді маман, сақтандыру компаниясының өкілі кіреді. Медиатордың, пациенттің (заңды өкілдің), бейіндік қауымдастық өкілінің қатысуы мүмкін.
ТСК 5 жұмыс күні ішінде қорытындыда пациенттің өмірі мен денсаулығына зиянның бар (жоқ) фактісін айқындайды және сақтандыру жағдайының басталғанын растайды (растамайды) (Кодекстің 1-тармағының 270-2-бабы).
ТСК сараптамалық қызмет мәселелері бойынша, оның ішінде сақтандыру жағдайын анықтау бойынша оқытылған бейінді мамандардан тұрады.
ТСК-на бейінді мамандар келесі дереккөздерден тартылады:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастыратын бейінді мамандар тізілімі;
кәсіптік медициналық қауымдастықтар;
медицина қызметкерлерінің кәсіптік одақтары;
өзге де денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлері.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы Денсаулық сақтау субъектісінің өтініші бойынша комиссия құрамына бейінді мамандарды тарту мүмкін болмаған жағдайда тиісті бейінді маманмен қамтамасыз етеді.