Құрметті тұрғындар!
2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Қазақстанда еркін тіркелу науқаны өтеді.
Бұл сізге не береді?
✅ Емхананы өз қалауыңыз бойынша таңдау мүмкіндігі;
✅ Тіркелу тегін және тек бір емханаға жүргізіледі;
✅ Жаңа емханада медициналық көмек алу құқығыңыз 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді;
✅ Еркін тіркелу жылына тек 1 рет жүзеге асырылады.
📌 Қалай тіркелуге болады?
🖥️ eGov порталы арқылы;
📱 мобильді қосымшалар арқылы;
🏥 немесе тікелей емханаға барып, өтініш жазу арқылы.
Барлық сұрақтар бойынша өз емханаңызға хабарласыңыз.