Онлайн-бюджеттік мониторинг

Онлайн-бюджеттік мониторинг

Абай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін белсенді түрде қолдануда. Бұл жүйе әлеуметтік сала ұйымдарында, соның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде жалақы төлемдерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 шілдеге дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласында аталған модульді пайдалану арқылы жалақы төлемдеріне мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде 23 жеке тұлғаға қатысты 78 тәуекелді төлем бойынша жалпы сомасы 33 412,3 мың теңгені құрайтын 23 хабарлама (реагирлеу хаты) жолданды.

Денсаулық сақтау басқармасымен аталған хабарламалар толық көлемде қарастырылып, тиісті шаралар қабылданды.