✨Бүгін Абай облысының орталығы - Семей қаласында 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті!
⚡“Бейбітшілік” аралында сағат 10.00-ден бастап ұлттық нақыш пен заманауи өнер ұштасқан ерекше атмосфера орнады. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі алаңдарда бас қосып, бірлік пен достықты дәріптейтін көрмелер мен мәдени бағдарламаларды тамашалады.
⚡«Ел қуаты – бірлікте» атты театрландырылған қойылым Абай театры актерлерінің орындауында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
✨ «Семсер» би ансамблі ұлттық биге толы көрініс сыйлады.
✨Сахна төрінде патриоттық әндер мен билері орындалып, ел рухын асқақтатты.
Құттықтау сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы ел бірлігі мен достығына айрықша тоқталды.
💥1 Мамыр — көп этностың бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқанын айғақтайтын күн!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Бейбітшілігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын!