Абай облысында студенттерге арналған зияткерлік квиз өтті
Абай облысының лингвистикалық орталығы мен Kazakh Quiz жобасы бірлесіп, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында қазақ тілінде зияткерлік квиз ойынын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдысын дамыту болды.
Зияткерлік сайысқа қаламыздағы түрлі оқу орындарынан келген 16 команда қатысты. Қатысушылар логика, әдебиет, тарих және музыка тақырыптарын қамтыған жеті кезең бойы өз білімдерін сынап, тапқырлық танытты.
Жеңімпаздар келесідей анықталды:
Сонымен қатар, байқау ережесіне сәйкес Геологиялық барлау колледжінің «Азимут» командасы арнайы жүлдемен марапатталды.
Ойын барысында қатысушылар тек білім жағынан ғана емес, медиа контент жасауда да белсенділік танытты. Үздік reels видеосы үшін — Мейрамғалиева Ақбота, ал үздік stories авторы ретінде — Ерзат Мырзабекұлы арнайы сыйлық сертификаттарына ие болды.