
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде тақырыптық тұрғыдан маңызды екі көрме ашылды
Көрме жұмыстарына мұрындық еткен Барнаул қаласының №2 балалар көркемсурет мектебі.
Бірінші көрме – тарихи мұраны бейнелейтін балалар көркем туындыларының жинағы. Экспозицияға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тақырыбы тәрбие мен есте сақтаудың маңызды бөлігі болып табылатын балалар салған суреттер кіреді.
Екінші көрме – көркемсурет мектебі оқытушыларының жұмыстары.
№ 2 балалар көркемсурет мектебі – бастауыш академиялық көркемдік білімі бар Барнаул қаласындағы ең ірі мектептердің бірі. Бүгінде мектепте 1300-ге жуық бала оқиды. Бүгінгі күні мектеп жан-жақты көптеген бағыттарда белсенді дамып келеді.
Көрме Семей тұрғындары мен қонақтары үшін ашық және Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің бейнелеу өнерімен танысуға тамаша мүмкіндік болып табылады.