Қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың 100 жылдығына арналған I халықаралық скрипкашылар байқауының іріктеу кезеңі өтті

Қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың 100 жылдығына арналған I халықаралық скрипкашылар байқауының іріктеу кезеңі өтті
Байқаудың мақсаты - талантты жас скрипкашыларды анықтап, олардың шеберлігін арттыруға бағытталған.
 
Байқауға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай облысынан келген 19 өнерпаз қатысты.
Қазылар алқасының құрамы: 
* Мұсаходжаева Айман Қожабекқызы - Әлемге танымал скрипкашы, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері
* Толғанбаева Саулета Айткешевна - «Өрлеу» - Әйткеш Толғанбайұлы жеке қорының басшысы «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті
* Бекенова Айжан Слямовна - «Мәдениет саласының үздігі» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Аспаптық орындаушылық факультетінің» деканы, «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, PhD доктор
* Алиева Хокума Натигқызы - профессор, еңбек сіңірген педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты.
* Малаев Серік Рамазанұлы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
* Акшекина Кенжегуль Нұрланқызы - Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің дирижері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
 
 Байқау екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең:
-16-21 жас аралығындағы қатысушылар Әйткеш Толғанбаевтың «Боз жорға» шығармасын (скрипка мен фортепианоға арналған өңдеуде) орындады.
-22-28 жас аралығындағы қатысушылар «Наз қоңыр» шығармасын орындады.
 Екінші кезең:
-Қатысушылар өз таңдауы бойынша үлкен формадағы шығарманы орындады.
 
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 11 желтоқсан сағат 15:00-де Абай атындағы театрда жарияланатын болады.