19 қарашада Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбектің және “Ақжауын” оркестрінің концерті өтті!
Секен Тұрысбек – қазақ музыкасының тұғырлы тұлғасы. Оның шығармашылығы ұлттық өнеріміздің асыл қазынасына айналған.
Салтанатты шара Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында өнер иесіне ерекше құрмет көрсетіліп, Q4 Tulpar авто орталығының директоры Талғат Сақан Халық әртісінің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін жаңа автокөліктің кілтін табыстады
Концертте Қазақстан Жастар одағы сыйлығының және Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты “Ақжауын” оркестрінің орындауындағы әсем шығармалар көрермен назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан
және Республикалық конкурстардың лауреаттары Гүлнұр Саргизова, Жігер Бертісов сынды өнер майталмандары да осы кештің көркін ашты.
Бұл кеш ұлттық мәдени мұрамыздың маңыздылығын одан әрі арттыра түсті.