Абай облысында 8 сәуірден 11 сәуір аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті.

Абай облысында 8 сәуірден 11 сәуір аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті.

8 сәуірде Семей медицина университетінің ғимаратында өткен сынаққа Семей, Курчатов қалалары мен Бесқарағай, Бородулиха аудандарының мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындарының және ұйымдарының қызметшілері қатысса.
10-11 сәуір аралығында өткен Қазтестке Аягөз және Көкпекті аудандарының мемлекеттік мекемелерінің мамандары мен әскери қызметшілер қатысты.
Үш күнге созылған Қазтестте облыс бойынша 746 адам тестілеуден өтті. Оның ішінде 77 қызметкер (А2 деңгейі бойынша – 25, В1 деңгейі бойынаша – 52) мемлекеттік үлгідегі сертификатқа сынақ тапсырды.