Өнердің парқын терең білетін әділқазы тарапынан жоғары баға алған қатысушылар Әміре әндерін тамылжыта шырқады.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
ГРАН ПРИ - Сатыбалды Мағжан;
І орынды-Серікхан Айбат;
ІІ орынды-Срайл Аида, Сәулет Аманғазин;
ІІІ-орынды Шунан Жайдар, Абдрахманов Нариман, Айтахметов Біржан иеленсе, Жуасбеков Нұрдәулет, Бәзілжанов Біржан, Тәжиев Жасұлан, Саниязбекұлы Айдос -дипломант атанды.
Қазақтың «Үш дос», «Қызыл бидай», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді.
Бүгінгі күні өткен дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы бағы мен бабын сынайтын ең жоғарғы деңгейдегі ән додасы болды.