Биыл ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ақын, ғұлама, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толып отыр.

Биыл ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ақын, ғұлама, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толып отыр.

Құрметті жерлестер!

Биыл ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ақын, ғұлама, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толып отыр.

Мерейтой аясында бүгін ауданымызда “Шәкәрім рухына тағзым” атты кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Смағұлов зиялы қауым өкілдерімен бірге Қарауыл ауылындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Келесі кезекте мерейтой қонақтары мен баба ұрпақтары Жидебайдағы “Абай-Шәкәрім» кесенесінің алдына келіп, “Қаламқас” ән-би ансамблі қойған әдеби-сазды қойылымды тамашалады. Кейін бабалар рухына құран бағыштап, зиярат етті.

Сондай-ақ, Жидебай мекеніндегі амфитеатрда ұйымдастырылған “Шәкірім баба өсиеті” тақырыбындағы облыстық жазба ақындар мүшайрасына куә болып, ақтық сынға жолдама алған жеңімпаз ақындарды марапаттау рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар, Абай музей үйімен, “Шәкәрімнің саят қорасы” музейімен және Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханасында қойылған “Шежірелі Шәкәрім” кітап көрмесімен танысты.

Келесі кезекте Қарауыл ауылындағы Абай алаңында ұйымдастырылған “Кетермін, артымда сөз, әнім қалар…” атты мерекелік концертін тамашалады.