Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-академик, ”Дарын” Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, ”Құрмет”, ”Парасат” ордендерінің иегері Бауыржан Жақыптың 60-жасқа толуына орай ”Жүректен қозғайын” атты әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өтті.

Кеш барысында Бауыржан Жақыпқа Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлы Уранхаевтың алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді.

Ақынның шығармашылық кешіне Қазақстан Жазушылар Одағының делегациясы, Қазіргі қазақ поэзиясының классик ақыны Иран Ғайып, күйші-композитор Секен Тұрысбек, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жазушының шәкірттері, талантты ақын Қалқаман Сарин, Қарағандыдан арнайы келген “Ғасыр Адамы” Темірғали Көкетаев, мерей той иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Кешке Абай елінің бозторғайы, Бүкілодақтық Жастар сыйлығының лауреаты, жезтаңдай әнші Баян Сағымбаева, Алматы қаласынан әнші-композитор, ”Құрмет” орденінің иегері Әділет Мұса, Астана қаласынан әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина арнайы келіп, өнер көрсетті.

Кеш шымылдығы Әміре Қашаубаев атындағы Абай облыстық филармониясының әншілерінің орындауындағы Бауыржан Жақыптың сөзіне жазылған “Тұғыр” әнімен жабылды.