
Ағымдағы жылғы 29–30 қыркүйекте Қарағанды қаласында Абай, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының қатысуымен «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер», ««Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге үйрету» тақырыптарында өңірлік семинар өтті.
Абай облысынан аталған іс-шараға 30 адамнан құралған делегация қатысты. Олардың қатарында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы, мемлекеттік архивтердің басшылық құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ Абай облысының жинақтау көздері тізіміне енгізілген ұйымдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлері болды.
Семинардың негізгі мақсаты – архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, оларды жұмыста практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері мен архившілердің біліктілігін арттыру.
Аталған іс-шара тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды. Семинар барысында қатысушылар архив ісі саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша білімдерін жетілдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне және ҚарЛАГ-қа шығу экскурсиялары да ұйымдастырылды.