«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты облыстық байқау өтті

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...»  атты облыстық байқау өтті

Абай күнін мерекелеу шеңберіндегі онкүндік аясында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты облыстық Абай оқулары өтті. 

Абай оқуларына облыстың қалалары мен аудандарынан 18-35 жас аралығындағы 11  үміткер қатысты.

Сайыстың ережесіне сәйкес үміткерлер «Өлең – сөздің патшасы», «Қара сөз шебері», «Абайды оқы, таңырқа» атты 3 кезең бойынша сынға түсіп, Ұлы ақынның өлеңдері мен Қара сөздерін жатқа оқып, Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.  

Қазылар алқасының шешімі негізінде жүлделі бірінші орынды Үржар ауданынан келген Қажыкенова Дильназ иеленсе, екінші орынға Семей  қаласынан қатысқан Булаткеров Мейрам лайықты деп танылып, үшінші орынды Курчатов қаласы мен Бородулиха ауданынан келген Садықова Ұлболсын мен Омарғалиев Ерік өзара бөлісті.   

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен қатысушылар Басқарма басшысының дипломдарымен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.