ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Ұлттық домбыра күні мен Қазақстан Республикасы Конституциясының ресми күшіне енген күніне орай Абай облысында бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

2026 жылғы 2 шілде күні сағат 11:00-де Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі композитор әрі әнші Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Әнге айналған ғұмыр» атты еске алу кеші мен көрменің ашылуы өтеді.

3 шілде күні сағат 11:00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылады.

4 шілде күні сағат 20:00-де Семей қаласындағы «Абай Арена» алаңында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді.

Сондай-ақ осы күні Алакөл жағалауында Абай ауданының Мәдениет күндері аясында «Қаламқас» халықтық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстан эстрадасының танымал әншілері Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Қанат Үмбетов және Мәди Қадыров мерекелік бағдарламаға қатысады.

5 шілде күні Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасады.

Сағат 16:00-де Семей қаласының Арбат алаңында «Домбыра үні – дала үні» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

Сағат 17:00-де Семей қаласының Орталық саябағында «Домбыра мен елорда – ел мақтанышы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Осы күні сағат 17:00-де Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбековтің қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Үкілі домбыра» мерекелік концерті өтеді.

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы