Мемлекеттік қызметшілер арасында «Qazaqsha quiz» зияткерлік ойыны өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Qazaqsha quiz» зияткерлік ойыны өтті

Абай облысында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің ана тіліне деген құрметін арттыру мақсатында «Qazaqsha quiz» зияткерлік ойыны өтті.

Ойынға облыс әкімінің аппараты мен құрылымдақ басқармалардан құралған 9 команда қатысты.

Мемлекеттік тіл, салт-дәстүр, мемлекеттік қызмет және өңірге қатысты сұрақтарды қамтыған 7 кезеңнің қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының «Сепаратор» командасы І орынды жеңіп алса,  Білім басқармасының «Білім бәйтерегі» командасы ІІ орынды, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жас Star» командасы   ІІІ орынды иеленді.

Ойынға қатысқан командалардың барлығы басқарма басшысының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталып,  қаржылай сыйлыққа ие болды.