Абай облысының лингвистикалық орталығы мен Курчатов қаласы, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарына қарасты тіл оқыту орталықтарының оқытушылары Шәкәрім университетінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Оқытушылар «Білім берудегі іс-қағаздар: мемлекеттік тілдегі сауаттылық, SMART-технологиялар және заңнамалық стандарттар» тақырыбында 72 академиялық сағат көлемінде дәріс алды.
Курс соңында қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табыс етілді.