Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр – жүректің жаңғырығы» атты облыстық әдеби-сазды кеш өтті.
Бұл тағылымды шара — ұлттық әдебиетті насихаттап қана қоймай, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін дамытуға және жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған рухани іс-шара болды.
Әдеби- сазды кеште облыстық «Metamorphosis» шығармашылық ұйымының ақындары Мұқағали жырларын нақышына келтіре мәнерлеп оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Мұқағали өлеңдері – әр қазақтың жүрегінің соғысы, көңілінің күйі, Мұқағали поэзиясы ұлт руханиятының асыл қазынасы, жүректен жүрекке жететін мәңгілік мұра.
Осындай әдеби-сазды кештер өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне оң әсер етіп, қазақ поэзиясына деген құрметін тереңдете түседі деп сенеміз.