Құрметті қызмет алушылар!

Құрметті қызмет алушылар!

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты «Архивтік анықтамалар, архив құжаттарының көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтінімдерді eGov порталы арқылы қабылдау уақытша қолжетімсіз.

Осыған байланысты өтінімдерді қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы тапсыруларыңызды сұраймыз.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау қайта басталғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.