Семейде ел бірлігін бекемдеп, әділдігімен, даналығымен танылған тұлғалардың рухани мұрасын ұлықтай отырып, халқымыздың XVIII-XIV ғасырлардағы тарихымен таныстыру мақсатында «Кеңгірбай би Жандосұлының мұрасын насихаттау» жөніндегі республикалық тарихи-танымдық конференция өтті.

Жиын Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ж.Омарханның алғы сөзімен ашылып, Абай ауданы әкімі М.Смағұловтың құттықтау сөзіне ұласты.

Одан әрі конференция бағдарламасына сәйкес баяндамашыларға сөз кезегі беріліп, Тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры – М.Кәрімов, Тарихшы, жазушы, қоғам қайраткері – Б.Теміров, Шежіреші, этнограф, қоғам қайраткері - М.Жанболатов, жазушы, қоғам қайраткері - Б.Сапаралы, әдебиетші ғалым, қауымдастырылған профессор - А.Қадыров, Кеңгірбай бидің ұрпағы - Т.Нұртазин Қазақ хандығының территориялық тұрғыдан қалыптасуындағы тайпа-рулардың қоныстану географиясы, Қазақ халқының «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіретіне ұшырауының себептері мен салдарлары, Кеңгірбай би Жандосұлының мұрасы жайлы құнды деректермен бөлісті.