«Мемлекеттік тіл – іс-қағаздарын жүргізу тілі» тақырыбында облыстық семинар өтті

«Мемлекеттік тіл – іс-қағаздарын жүргізу тілі» тақырыбында облыстық семинар өтті
 
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мен Абай облысы сотының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – іс-қағаздарын жүргізу тілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. 
Семинар жұмысына «Құрмет» орденінің иегері, «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» ҚБ Абай облысы бойынша филиалының төрағасы О.Т. Шәріпбаев, Басқарманың тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ә.Н. Байжұманова, Абай облыстық сотының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі комиссия төрағасы  Г.И. Балғожина, Облыстық лингвистикалық орталықтың оқытушысы А. Мұратқызы мен жергілікті және өңірлік сот қызметкерлері қатысты. 
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптары мен нормалары түсіндіріліп, Қазақ тілін оқытуға арналған цифрлы ресурстар мен Халықаралық қазақ тілі қоғамы» ҚБ-мен атқарылып жатқан жұмыс таныстырылды. Сонымен қатар облыстық және аудандық соттардың ресми сайттарына жүргізілген мониторинг пен шығыс құжаттарына ақпараттық-талдау жасалып, тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.