
Ұлттық театр өнеріне саналы ғұмырын арнаған сахна саңлағы, режиссер әрі ұстаз Отантай Кәрібжановпен мазмұнды сұхбат ұсынамыз. Бағдарлама барысында қонақтың тағдырлы өмір жолы, театр өнеріне сіңірген еңбегі және өнер жолындағы азаматтық ұстанымы кеңінен сөз болады.
Әңгіме өзегіне Отантай Кәрібжановтың театр сахнасындағы алғашқы қадамдары, кәсіби қалыптасу кезеңі мен қазақ театр өнерінің дамуына қосқан үлесі арқау етілді. Оның режиссерлік ізденістері, сахна мәдениетін қалыптастырудағы еңбегі, жас буын актерлерді тәрбиелеудегі ұстаздық қызметі де назардан тыс қалмайды. Подкаст барысында өнер адамының өміріндегі қайғылы жағдайлар, шығармашылық жолдағы кедергілер мен сынақтар, сол сәттердегі рухани беріктігі мен табандылығы туралы шынайы әңгіме өрбиді.
Сонымен қатар сұхбатта Абай облысындағы театр өнерінің дамуы, өңір сахналарының бүгінгі тынысы мен көрермен мәдениеті, рухани құндылықтарды сақтау мәселелері төңірегінде де салмақты пікірлер айтылады. Көрерменге ой салып, өнердің қадір-қасиетін тереңірек түсінуге жетелейтін тағылымды сұхбат болмақ.
Сілтемеге өту: