
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Абай атындағы театр сахнасында «Өшпейтін өлең, өлмейтін өнер» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.
Іс-шара ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл, әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 75 жыл толуына арналды.
Қос тарланның шығармашылығын арқау еткен кеш барысында күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев, дәстүрлі ән шеберлері Бек Нұриддинұлы мен Жасұлан Тәжиев, сондай-ақ жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Өнер иелері ақынның поэзиялық мұрасы мен композитордың әндерін орындап, көрерменге мазмұнды рухани кеш сыйлады.