Абай облысында «Ұлылар елі» атты Республикалық ән байқауы жарияланды

Абай облысында «Ұлылар елі» атты Республикалық ән байқауы жарияланды

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет басқармасы «Ұлылар елі» атты Республикалық ән байқауын жариялайды!
Бұл байқау - Абай облысының рухани келбетін ашатын және мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай лирикалық әуенді дүниеге әкелетін ауқымды жоба!
Байқау екі бағытта өтеді:
«Киелі Абай елі» – Абай облысына рухани келбетін ашатын өңірлік патриоттық ән жазу;
«Trend әуен» – Мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай лирикалық ән жазу;
Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақын,композиторлар мен әншілер қатыса алады.
Байқауға өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін abai.madeniet@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабыданады.
Қорытынды гала-концерт – Семей қаласында өтеді.

Жүлде қоры:
Әр бағыт бойынша 1 жеңімпазға – 5 000 000 теңге!
Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

ЕСКЕРТУ: Абай елінің киелі мекендері мен көрікті жерлерін жырға қосып,әнге арқау еткен туындыға басымдық беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 707 170 2098 – Жасұлан Тлеубайұлы, 8707 206 18 99 – Қайсар Беделхан.
«Ұлылар елі» – ән бәйгесі Абай елінің жаңа үні!