
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай елінің арғы-бергі тарихында мәдениет пен руханиятқа қызмет еткен қайраткер тұлғалардың өмірі мен өнегесінің жас ұрпаққа үлгі етіп, тарих бетіне таспалауға арналған жаңа жобамысын ұсынады.
Мәдениет саласына ұзақ жылдар бойы табанды еңбек сіңірген ақын, мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен мазмұнды сұхбат ұсынамыз. Бағдарлама барысында қонақтың кәсіби еңбек жолы, рухани-мәдени кеңістіктегі қызметі, сондай-ақ мәдениет саласын дамыту бағытындағы көзқарасы кеңінен қамтылды.
Әңгіме өзегіне Құсмілия Нұрқасымның Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған кезеңіндегі тәжірибесі, саладағы басқарушылық ұстанымдары мен мәдениет саясатына қатысты ой-тұжырымдары арқау етілді. Сонымен қатар мәдени құндылықтарды сақтау, ұлттық руханиятты дәріптеу, мәдениет саласының бүгінгі ахуалы мен даму бағыттары жөнінде салмақты пікірлер айтылды.
Сілтеме бойынша көру
https://youtu.be/53hTXnxwGI8