
«Заң және тәртіп» жобасы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың директоры Мерей Қарт жастармен жүздесіп, «Тәртіпсіз ел болмайды, заңсыз ер болмайды» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында құқықтық мәдениет, жауапкершілік, адамдық және адалдық құндылықтары кеңінен талқыланды. Жастар өз сұрақтарын қойып, қоғамдағы тәртіп пен заңға құрметтің маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, олардың азаматтық ұстанымы мен парасаттылық қағидаттарына деген ықыласын қалыптастыру.