
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысымен Шәкәрім университеті «Тарих және археология» ғылыми орталығы «Абай облысының тарихи топонимдері» атты ғылыми жинақ дайындады.
Бұл жинақ елді мекендердің атауындағы көнеден келе жатқан шежірені жаңғыртуға, ұлттық танымды тереңдетуге бағытталған игі бастама. Жинақта облыс көлеміндегі тарихи атаулардың шығу төркіні мен семантикалық сипаты ғылыми негізде жүйеленіп ұсынылған, жас зерттеушілерге, өлкетанушыларға, тіл мамандарына арналған танымдық құрал.