
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешовпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын жетілдіру және жалпы тілдік ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.
Тіл саясаты комитетінің төрағасы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тіл үйрету жүйесін жаңғырту, әдістемелерді жетілдіру және цифрлық платформаларды кеңінен енгізуге қатысты ойларын ортаға салды.