Тіл мәдениетін дәріптеп жүрген «Адал-Ас Trade» ЖШС республикалық байқауда топ жарды

Тіл мәдениетін дәріптеп жүрген «Адал-Ас Trade» ЖШС республикалық байқауда топ жарды

          Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетімен ұйымдастырылып, Астана қаласында өткен дәстүрлі «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқауда Абай облысынан қатысқан «Адал-Ас Trade» ЖШС бас жүлдені иеленді.

          Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте отырып, жарнама мәтіндерін сауатты рәсімдеуді және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының дұрыс орындалуын насихаттау болып табылады.

          Байқаудың республикалық деңгейіне еліміздің әр өңірінен 37 үміткер қатысып, Абай облысы үзік деп танылды.

          «Адал-Ас Trade» ЖШС өз өнімдеріндегі тауар белгілері мен жарнамаларда Тіл туралы заң талаптарын қатаң сақтай отырып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүр туралы мағлұмат та таратып отырған кәсіпорын.