Абай кітапханасының маманы «Жыл кітапханашысы – 2025» атанды

Абай кітапханасының маманы «Жыл кітапханашысы – 2025» атанды

Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Мұратқызы Аязбаева «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясымен марапатталды.

Бұл марапат Шымкент қаласында өткен «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбындағы көшпелі отырыс аясында табысталды.

Гүлмира Мұратқызы өз баяндамасында «Жергілікті қаламгерлер шығармашылығы – кітапханалар қорын толықтыру көзі ретінде» тақырыбын көтеріп, өңірлік авторлардың еңбектерін насихаттаудың және ұлттық әдебиетке оқырман қызығушылығын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Аталған марапат – Абай кітапханасы ұжымының еңбегіне берілген жоғары баға әрі кітапхана ісіндегі жаңашыл бастамаларға жасалған үлкен қолдау болып отыр.