«Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі

«Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі

Қызылорда облысының Мәдениет және өнер күндері аясында Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты бірегей көрме ұйымдастырылды.

Көрме Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы құнды жәдігерлер негізінде жасақталып, Сыр бойының бай тарихы мен мәдени мұрасын паш етті.

Экспозиция үш негізгі бөлімнен тұрды:

І. Археологиялық реконструкциялар.
Бұл бөлімде көне дәуір ескерткіштері негізінде қалпына келтірілген үлгілер ұсынылды.

ІІ. Археологиялық артефактілер.
Зерттеу жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстар, әшекей бұйымдар, еңбек құралдары және көне мәдениеттердің өмір салтынан сыр шертетін жәдігерлер қойылды.

ІІІ. Этнографиялық жәдігерлер.
Бұл бөлім Сыр өңірінің дәстүрлі тұрмысын, қолөнерін және ұлттық құндылықтарын таныстырды. Мұнда тұрмыстық бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, киіз үй жабдықтары мен этнографиялық құндылықтар көрмеге қойылды.

Көрме қонақтарға Сыр өңірінің терең тарихымен, бай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, түркі өркениетінің қалыптасуындағы Сыр бойының рөлін айшықтады.