Облыс әкімі Берік Уәли халықаралық фестивальде қос бірдей қомақты жүлдеге қол жеткізген Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры және Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының актерлерімен кездесті.
Аймақ басшысы кездесуде өнер ұжымдарын жетістіктерімен құттықтап, Алғыс хат табыс етіп, алдағы еңбектеріне сәттілік тіледі.
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы аймақ басшысына өнер ордасына, актерлерге көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыстарын жеткізді.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа театр ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр.