Құрметті облыс тұрғындары

Құрметті облыс тұрғындары

Қызылорда облысының Мәдениет және өнер күндері аясында 19 қыркүйек күні сағат 16:00-де Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтеді. Көрмеде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы құнды жәдігерлер ұсынылады. Олардың қатарында археологиялық реконструкциялар, артефактілер және этнографиялық бұйымдар бар.

Сағат 17:00-де «Сұлу Сырдан ұлы Абай еліне» атты Қызылорда өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді. Бұл шара Абайдың 180 жылдығына арналады. Концерттік бағдарламада Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрі, симфония оркестрі, «Томирис» би ансамблі, аралас хор, дәстүрлі және эстрадалық жанр орындаушылары өнер көрсетеді.

Келіңіздер! Көріңіздер!