Қазақстан халқының тілдері күніне орай Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Тіл – татулық туы» атты фестиваль болып өтті. Шара республикалық іс-шаралар жоспары аясында, сондай-ақ ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында мазмұндық әрі танымдық іс-шаралар, атап айтқанда, Абай атындағы театр әртістерінің Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған қойылымы, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараны ашып, облыс әкімінің орынбасары М. Раханов құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға облыс көлемінде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, оның дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары, зиялы қауым өкілдері және студенттер қатысты.
Мемлекеттік тіл саясатының дамуына үлес қосып жүрген мамандар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысхатымен:
Сонымен қатар тілжанашырлары Абай облысы әкімінің және облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Алғыс хаттарына ие болды
Фестивальде «Qazaqsha» мобильді қосымшасы таныстырылып, «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы қорытындыланды. Әр түрлі номинацияларда Семей, Үржар, Жарма, Курчатов кәсіпорындары жеңімпаз атанды. Қазақ тілін насихаттаушылар қатарында А. Қажымұқанова, Д. Насирова, Д. Кенжеғазин және тағы басқа тіл жанашырлары құрметке ие болды.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.