Қазақстан халқының тілдері күні және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл – татулық туы» фестивалі аясында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты – жарнама мен көрнекі ақпаратта мемлекеттік тілдің ҚР Тіл туралы Заңының талаптарына сай қолданылуын насихаттау, тіл мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып жүрген азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру.
Байқау нәтижесінде «Сауатты жарнама» номинациясы бойынша – Семей қаласының «Adal as» ұлттық өнімдер дүкені;
«Үздік ұлттық нақыштағы атау» номинациясы бойынша – Семей қаласының «Астау» мейрамханасы, Alash coffee, Үржар ауданының «Ай-Бике» дәмханасы, Жарма ауданының «Has Tagam» жеке кәсіпкері;
«Үздік ас мәзірі» номинациясы бойынша – Семей қаласының «Meiman» мейрамханасы және Курчатов қаласының «Uly dala» отбасылық кафесі марапатталды.
Сонымен қатар, қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге, қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға белсене атсалысып жүрген азаматтар – А. Қажымұқанова, Д. Насирова, Д. Кенжеғазин, С. Айшолпанов, Ж. Иманғаликова, Ш. Абдоллаев, Т. Жаманқұлова, С. Кәріпбаев және Н. Бектасов «Тіл жанашыры» ретінде арнайы алғысқа ие болды.