Абай облысында Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

Абай облысында Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін Абай атындағы театрда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен және Әнұранның шырқалуымен басталды.

Мерекелік жиында өңір тұрғындарын Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы құттықтап, бірқатар азамат «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында Абай облысының дін істері басқармасының басшысы Сейілбек Ысқақов, Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Марат Аленов, Абай облысының қаржы басқармасы есеп және қаржылық есептілік бөлімінің басшысы Рауфия Құрманғалиева, Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қаржы бөлімінің басшысы Ирина Швацкая, Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, ҚР сәулетшілер одағының мүшесі Асхат Бәкіров, Курчатов қаласының құрметті азаматы Шахмұрат Төлеутаев бар. Сонымен бірге бір топ азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен де марапаттады.

Мерекелік кеште еліміздің және өңіріміздің өнер жұлдыздары – Әсет Есжан, Мапруза Утеленова, Гүлдана Ноғайбаева, Ұшқын Жамалбек және Аспанбек Шұғатаев сахнаға шығып, ән мен күйден шашу шашты.