«Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы сахналанды

«Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы сахналанды

Бүгін Семей қаласындағы Абай атындағы театрда ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахмардан Әбіловтің «Ой толғау – Хәкім Абай» атты монооперасы сахналанды.

Кеш барысында көрермен Абай Құнанбайұлының ішкі әлеміне терең бойлай алды. Бір ғана вокалисттің орындауында ұсынылған сахналық музыкалық туындыда ақынның терең ойлары, адами болмысы, философиялық пайымдары музыка мен поэтикалық драматургия үндестігі арқылы көркем жеткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын музыкалық өнер арқылы жаңаша қырынан таныту, жас өнерпаздарды шығармашылық ізденіске баулу, сондай-ақ қазақ классикалық музыкасының дамуына серпін беру болды.

Кеш ұлттық өнер мен әдебиеттің тоғысқан, терең мазмұнды шығармашылық оқиға ретінде көрермен жүрегінде ерекше әсер қалдырды.