Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – халқымыздың рухани болмысын ұлықтайтын, ел бірлігін бекемдейтін тарихи оқиға.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыста Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде өткізу бойынша кешенді шаралар қабылданды.
Халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді.
Мәдени шараларға тоқталсақ, Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық сананы жаңғырту, сондай-ақ ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі мәдени ынтымақтастықты арттыру.
1 тамыз күні «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ашылуы салтанаты жоспарланып отыр. Бұл портал арқылы ақын мұрасы жүйеленіп, цифрландырылған әдеби, ғылыми және музыкалық материалдарға әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Портал ғылыми зерттеулер жарияланатын, пікір алмасу алаңы ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар облыс орталығы Семей қаласында өтетін шаралар туралы әріптесім толық ақпарат беретін болады.
Мәдени іс-шаралар аясында Мақаншы ауданы Алакөл жағалауында Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков және «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» концерті өтеді.
Сол күні Семей қаласындағы Арбат алаңында танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» сурет көрмесі ашылады. Көрмеде адамзаттық құндылықтар, ішкі әлем және өмір туралы философиялық ойлар бейнеленеді.
Сонымен бірге «Асыл мұра» қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі ұйымдастырылады. Фестиваль барысында өңірдің үздік қолөнершілері өз туындыларын көпшілік назарына ұсынады.
2 тамыз күні Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Қазақстанның халық әртісі Майра Ильясованың «Ән Майра, әнші Майра, ару Майра» атты гастролдік концерті өтеді (гастролдік концерт: 3 тамыз Үржар ауданы Таскескен ауылы, 4 тамыз Аягөз ауданы Баршатас ауылы, 5 тамыз Жарма ауданы Әуезов кенті, 6 тамыз Жаңасемей ауданы Қайнар ауылы).
Концертте Майра Ильясова Абай шығармашылығына арналған әндерін орындайды.
Үржар ауданында Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков және «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты гастролдік концерті жалғасын табады.
3 тамыз күні Абай атындағы театрда «Абай әлемі» атты ұлттық рухани кеш өтеді. Кеште қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дүл-дүлдері: Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Шүкіман, Ерлан Рысқали өнер көрсетеді.
4 тамыз күні Абай атындағы театрда Секен Тұрысбеков және «Ақ жауын» оркестрінің «Абай жолы» атты қорытынды концерті өтеді.
5 тамыз күні Абай атындағы театрда Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахмардан Әбіловтің «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылады. Бұл шарада хакімнің рухани мұрасы, философиялық ойлары вокалдық-поэтикалық өрнекпен жеткізіліп, тыңдаушыларға терең ой мен эстетикалық ләззат сыйлайды.
6 тамыз күні Абай алаңында «Абай елі – өнер кеніші» атты аудандар арасындағы көркемөнерпаздар байқауының үздіктер концерті ұсынылады. Бағдарламада дәстүрлі ән-күйлер, көріністер мен хореографиялық композициялар қойылады. Өнерпаздар Абай шығармашылығының рухани тереңдігін өнер тілімен жеткізеді.
Ә. Бөкейханов университетінде «Өлең сөздің патшасы» атты жас ақында мүшайрасы өтеді. Мүшайраға жиыны 100 қатысушы келеді.
7 тамыз күні халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Асқар Алтайдың шығармашылық кеші аясында «Абай жолы» энциклопедиясының және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Бағашар Тұрсынбайдың «Абай Құнанбайұлы кім?» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
8 тамыз күні Абай атындағы театрда «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Абай ауданында «Жеті қазына» республикалық ұлттық байқаудың ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Мейржан Серікбосынұлы толық айтып өтеді.
9 тамыз күні
- Шәкірім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференцияда абайтану ғылымының өзекті мәселелері талқыланып, ғылыми қауымдастық арасында пікір алмасып, мақалалар жинағы жарыққа шығады.
- Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай. Уақыт. Өнер» тақырыбында бейнелеу өнер туындыларының көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылады.
- Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында республикалық «Абай» баспасының «Абай әлемі: аударма, тағылым, мұра» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтеді.
- Сонымен бірге кітапханада «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп ...» халықаралық ақындар фестивалі өтеді. Оған 15 елден ақындар келеді. ТҮРКСОЙ және халықаралық Эминеску поэзия академиясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл шарада Абай өлеңдері 15 тілге аударылып, біртомдық пен антологиялар шығарылады.
Орталық алаңда кешкі сағат 18.30 - 21.30 аралығында «Абайға тарту» өзге облыстардың шығармашылық ұжымдарының концерті ұсынылады.
10 тамыз - Абай күні өткізілетін шараларға келіп тоқталсақ:
сағат 09.00-де Жидебайда құран бағышталып, құрбандық шалу рәсімі өтеді.
сағат 10.00-де бүкіл республикалық акция Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді.
Сонымен қатар сағат 11.00-де Абай ауданында «Бала Абайдан дана Абайға» атты театрландырылған қойылым бастау алады. Бұл ұлы ойшылдың балалық шағынан дана деңгейге дейінгі өмір жолы, тұлғалық қалыптасуымен рухани өсуі сахнада көрініс табады. Әкесі Құнанбайдың тәрбиесі, замандастары мен ұстаздарының ықпалы, ел тағдырына жанашырлығы бейнеленеді.
Сағат 11.30-да «Абай күні» мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі басталады.
Сағат 12.00-13.00 аралығында «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты күндізгі концерт ұйымдастырылады.
13.00-14.30 Қарауылтөбеде ас беріледі.
14.30-17.00 аралығында Ұлттық ат спорт ойындары өтеді (топ бәйге, жорға, аламан бәйге).
15.30-17.30 Қазақша күрестен республикалық турнирдің финалдық бәсекелері (түйе және өгіз палуаны).
Сағат 19.00-21.00 өнер жұлдыздарының «Желсіз түнде жарық ай» Гала концертімен аяқталады.
Іс-шараларға 30 мыңнан астам адамның қатысуы жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық шаралар мазмұнды, тәрбиеге негізделген, ысырапсыз түрде өтеді.