Абай облысының «AbaIQ» командасы республикалық «Aqyl Battle CUP – 2025» зияткерлік турнирінде 3-орын иеленді!

Абай облысының «AbaIQ» командасы республикалық «Aqyl Battle CUP – 2025» зияткерлік турнирінде 3-орын иеленді!

2025 жылғы 26 маусымда өткен «Aqyl Battle CUP – 2025» гранд-финалында Абай облысының намысын қорғаған «AbaIQ» командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 3-орынға ие болды. Командаға 300 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде табысталды.

Қазақ тілінде өткен бұл заманауи зияткерлік командалық турнир Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында ұйымдастырылды.

Финалға дейін еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінен барлығы 1515 жас қатысып, 20 үздік команда іріктеліп шықты.
Биылғы финал халықаралық деңгейде өтті – қатысушылар қатарында Моңғолия және Өзбекстаннан келген командалар да болды.

Абай облысының атынан сынға түскен «AbaIQ» командасы құрамында:

• Қалық Думан

• Ахметбек Жарқын

• Балташ Бейсенбай

бар. Үшеуі де жоғары білімді, ойлау мәдениеті жоғары, білім мен парасатты серік еткен жастар.

Aqyl Battle CUP — соңғы үш жылда 100 000-нан аса жасты біріктіріп, қазақтілді зияткерлік кеңістікте жаңа дәстүр қалыптастырған бірегей алаң.

Білім – адамды ғана емес, қоғамды да біріктіретін күш.
Бұл сайыс — өңірлер мен елдер арасындағы шекараны білім мен парасат арқылы еңсерудің жарқын үлгісі болды.

Абай облысының атынан қатысып, үздік үштікке енген «AbaIQ» командасын шын жүректен құттықтаймыз!