Абай Құнанбаевтай алыптың, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Күләш Байсейітова и Әміре Қашаубаевтың ізі қалған Абай облысы – ұлттық өнердің, соның ішінде күй мен әннің алтын бесігі. Осы өлкеде домбыра үні ешуақытта үзілген емес, алдағы уақытта да ұлт мұрасының ұлы символы ретінде қадірлене бермек.
Осы орайда Сіздерді ұлттық рухымызды асқақтатар Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – халқымыздың қасиетті мұрасы, сан ғасырлық тарихымыздың үнсіз шежіресі. Оның күймен көмкерілген үні ата-бабамыздың арман-тілегін, мұң-шерін, ерлік пен елдікті бүгінгі ұрпаққа жеткізуші асыл қазына.
Осы бір рухани мерекеде баршаңызға денсаулық, құт-береке, отбасы амандығын, ал өнерпаздар қауымына шығармашылық табыс тілеймін!
Домбыраның үні ешқашан өшпесін! Ұлттық мұрамыз ұлықтала берсін!
Жанжігіт ОМАРХАН, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы