Толқын Забированың кәсіби вокал өнері бойынша шеберлік сабағы Семейде өтті

Толқын Забированың кәсіби вокал өнері бойынша шеберлік сабағы Семейде өтті

Бүгін Семей қаласындағы А.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, белгілі әнші Толқын Забированың эстрадалық және классикалық вокал бойынша шеберлік сабағы өтті.

Іс-шара барысында жас орындаушыларға, шығармашылық мамандық студенттеріне және музыка пәнінің оқытушыларына вокалдық өнердің негізгі аспектілері жөнінде мол мағлұмат берілді. Толқын Забирова тыныс алу техникасы, вокалдағы фонетиканың рөлі, сахналық мәдениет, әншінің күн тәртібі мен салауатты өмір салты, репертуар таңдаудың әдістері мен жеке стильді қалыптастыру жолдары туралы жан-жақты айтып, қатысушыларға кәсіби кеңес беріп, практикалық ұсыныстар ұсынды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Толқын Забирова өзінің ғылыми еңбектерін Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қорына сыйға тартты.

Шеберлік сабағы жылы әрі шабытты атмосферада өтіп, Семей қаласындағы жас таланттардың кәсіби дамуына маңызды қадам болды.