Сапар аясында ол Көкентау, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Абыралы және Қайнар ауылдарының мәдениет ошақтарын аралап, ауылдық клубтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ Алғабас ауылындағы мәдениет үйі мен кітапханаға барып, мекемелердің материалдық-техникалық базасын көріп, жарқыратып, жайнатып отырған мекеме ұжымына өз ризашылығын білдірді.
Қайнар ауылына барған сапарында Мәдениет үйінде өткен көркемөнерпаздар байқауына қатысып, өнерпаздардың өнерін тамашалады.