Сапар барысында Көкпекті ауылындағы Орталық кітапхана, Улкенбөкен ауылының клубы мен кітапханасының материалдық-техникалық жағдайымен танысып, инфрақұрылымды жақсарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Приображенко және Теректі ауылдарындағы мәдени нысандардың жай-күйі тексерілді.
Сапар аясында Жанжігіт Абзалбекұлы «Абай елі — өнер кеніші» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауының Көкпекті ауданында өткен іріктеу кезеңіне қатысты. Шара аудан орталығындағы Мәдениет үйінде өтті.
Іссапар алдағы күндері Бородулиха және Бескарағай аудандарында жалғасады.